ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН БАСҚАРУ

Мазмұны:

 

Кіріспе...............................................................................................................

3

1

Кәсіпкерлік – Қазақстанның экономикасын тұрақтандырушы көрсеткіш

1.1

Кәсіпкерлік түсінігі және оның сыныптамасы............................

5

1.2

Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерліктің даму теориялары......................................................................................

11

2

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің даму тенденциялары

2.1

Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлігінің құқықтық аспектілері және оны басқару ерекшеліктері............

16

2.2

Шағын кәсіпкерліктің шетелдік тәжірибесі................................

20

3

Шағын кәсіпкерлікті басқаруды жетілдіру жолдары

3.1

Кәсіпкерлікті басқаруда кездесетін негізгі проблемалар және оларды шешу жолдары..................................................................

24

3.2

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуының болашағы......................................................................

26

Қорытынды.......................................................................................................

28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

 


Кіріспе

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері, міне, 14 жыл өтті. Осы жылдар ішінде экономикамыз әлемдік нарықта жоғарғы деңгейге көтеріліп, Қазақстан әлемнің бүкіл ұлы державаларына нарықтық экономикалы ел ретінде танылды. Нарықтық экономиканың негізі жеке меншік Институты екені белгілі. Сондықтан нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезеңінен бастап Үкіметтің де, зерттеушілердің де назарында жеке меншіктің, соның ішінде шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен даму мәселелері болды.

Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған реформалар, басты мақсаты азаматтардың жоғарғы өмір стандарттары мен еркін дамуын қамтамасыз ету болып табылатын, әлеуметтік негіздегі экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Бұл жағдай елдің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Осы мақсатқа қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосатын маңызды факторлардың бірі шағын кәсіпкерліктің дамуы екені анық.

Нарықтық экономика жағдайында Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің қызмет ету процесінің күрделілігі, оның ғылыми негіздерін, бағытталу беталыстарын, қазіргі жағдайына бөлшектік талдау жасау, даму формаларын анықтау қажеттілігі, даму барысында туындайтын мәселелерді шешудің жоғарғы тәжірибелік маңызы зерттеудің өзектілігін айқындап, тақырыпты таңдаудағы негіз болды.

Зерттеудің мақсаты республикамыздағы шағын және орта бизнестің дамуындағы қалыптасуы мен даму жүйесін теориялық және тәжірибелік негіздеу мен еліміздің стратегиялық даму бағыттарының бірі – индустриалды-инновациялық Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.

Қурстық жұмыстың мақсаты келесі міндеттерді шешумен нақтыланады:

- кәсіпкерлік түсінігі және оның түрлерін қарастыру;

- Қазастандағы шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы жағдайын, даму ерекшеліктерін зерттеу және дамудағы жаңа беталыстарды анықтау;

- шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудың кешенді шараларын зерттеу.

Курстық жұмысымның бірінші тарауы «Кәсіпкерлік – Қазақстанның экономикасын тұрақтандырушы көрсеткіш» деп аталады. Осы жерде мен кәсіпкер дегеніміз кім деген сұраққа толық жауап беруге, кәсіпкерліктің қанша түсінігі және түрлері бар екендігіне және оның республикамызда қалай орын алғандығы туралы баршамызды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беруге тырыстым. Кәспкерлік түсінігін ең алғаш француз экономисі Ричард Кантильон енгізді. Осы түсініктің даму эволюциясы бірінші сұрақта қарастырылады. Қазақстан Республикасындағы заң жүзінде белгіленген кәсіпкерліктің түрлері екінші сұрақтың басты мәселесі болып табылады. Елімізге кәсіпкерлік қалай сіңді, оның артықшылықтары мен кемшіліктері, тигізген басты пайдалары – осының бәрі үшінші сұрақта қарастырылды.

Екінші тарауым «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің даму тенденциялары» деп аталады. Осыған орай, екінші сұрағым өрбіді, яғни бұл жерде бизнес дамуының қалай жүзеге асатындығын тереңірек зерттедім. Мемлекетімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін Үкімет қолдау шараларын жүзеге асыруда. Бұл, әсіресе, қабылданған Заңдардан және индустриалды-инновациялық және 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламалардан өзінің айқын көрінісін табады. Және де олардың іс жүзінде қалай асатындығын зерттеп, баға бердім. Сондай-ақ басқа елдердің тәжірибелерінен кішігірім мысал ретінде келтірдім, олардың және біздің мемлекетіміздің тәжірибелерінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерін қарастырып, олдардан біз неге үйренуіміз керек деген сұраққа жауап беруге тырыстым.

Ал үшінші тарауым «Шағын кәсіпкерлікті басқаруды жетілдіру жолдары» деп аталады. Бұнда мен еліміздегі бизнестің дамуындағы басты кедергілер мен оларды жою жолдарына тоқталдым: шағын бизнестің алдында тұрған басты кедергілерге және оларды шешу жолдарына назар аудардым. Сонымен қатар мен осында Қазақстанның шағын кәсіпкерлігінің болашағы мен перспективалары туралы ой қозғадым, оның қазіргі жағдайы мен келешектегі көрінісі туралы болжауларымды баяндадым.

Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалуда, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана алатындарына сенімім мол!.