Шағын және орта бизнестің экономика дамуындағы диплом жұмысы

Мазмұны

 

Кіріспе.....................................................................................................................3

 

 I.  Шағын және орта бизнестің экономика дамуындағы 

алатын ролі......................................................................................................5

 

1.1. Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы....................................................................................................................5

1.2. Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан 

қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясаты..................................13

1.3. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің 

дамуындағы банктік несиелеудің алатын орны.............................................19

 

 

 II. Екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу тәжірибесіне талдау..............................26

 

2.1.  Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу механизмі...................................................................................................27

2.2.  Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының несиелік 

қабілетіне талдау (“ЦеснаБанк” акционерлiк қоғамының 

шағын  бизнестi несиелеу тәжiрибесiнен)..............................................40

 

 III. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді 

жетілдіру жолдары.......................................................................................64

3.1.  Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік 

несие жілісі есебінен қаржыландыру.....................................................64

3.2.  Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін 

несиелуді жетілдіру.................................................................................73

 

Қорытынды...............................................................................................................75

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................77

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниелік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштерінің шамаларының артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады. Осы шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі болып - банктік несие табылады. Коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын несиелендіруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.

Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, проценттік ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелерді бөліп отыр. Себебі, әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың методикасын жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін сауатты анықтауда қолдануы қажет. 

Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын өндіру қажет. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуның тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.

Тақырыптың өзектiлiгi - банк саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бiрi болып табылады. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi,  қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржы жеткiлiктiлiгі жағдайларының болғаны  дұрыс.

Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыру кезiнде қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтанда, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыспен қамтамасыз етiлу немесе жобаның әлеуметтiк мәнi болып табылады. 

Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнестi несиелеуге қызығушылық бiлдiруде.

Диплом жұмысының мақсаты - Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу проблемаларын талдау, несиелеу процесінің теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар несиелеу процесінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.

Көрсетілген мақсаттарға жету үшін алдыма мынадай міндеттемелерді қойдым:

- шағын және орта бизнестің экономика дамуындағы алатын ролі          туралы жалпылама түсінік беру және оның мазмұнын көрсету;

- шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан   жүргізетін қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;

- шағын және орта бизнесті несиелеудің практикалық мәселелерін қарастыру;

- “ЦеснаБанк” АҚ-ның практикалық мәліметтеріне негізделе отырып шағын және орта бизнесті несиелеудің тәжірибесіне зерттеулер жүргізу;

- шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіру жолдарына қатысты өз ойымды қорытындылау.

Диплом жұмысының зерттеулер пәні ретінде қазіргі кезде коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді жүргізу тәжірибелері қарастырылады. 

          Диплом жұмысының зерттеу объектісі болып – “ЦеснаБанк” Акционерлік Қоғамының шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу деректері бойынша есептік көрсеткіштер мен практикалық тәжірибелер алынды.  

          Осы жұмыстың методологиялық негізі – шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистерінің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі - Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары.

Диплом жұмысында шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеудің ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан Батыс елдерінің, Ресейдің  және Қазақстан Республикасының танымал және кәнігі маман  ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтсақ: Роуз П.С., Гольцберг М.А., Дж. Р. Брик., Э.Дж. Долан, Лаврушин О.И., Жуков Е.Ф., Красавина Л.Н., Сейткасымов Г.С., Калиева Г.Т.