Инвестиция саясаты

Жоспар

 

Кіріспе 2

I тарау.  Инвестиция түсінігі 4

1.1 Инвестициялық қызметті іске асыру принципі 4

1.2 ҚР-ғы инновациялық және инвестициялық жағдай 6

1.3 Мемлекеттік инвестициялық саясаттың өзекті мәселелері 8

II тарау.  Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау 10

2.1  Инвестициялық саясат - дамудың алғы шарты 10

2.2 Қоржындық инвестиция қарекеті 15

2.3 Кәсіпорындағы инвестициялаудың ішкі көздері мен әдістері 18

2.4 Инвестициялық жобаны бағалау әдістері 23

III тарау  ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері 28

3.1 Әлеуметтік салада инвестициялық процесті реттейтін құралдар 28

3.2 Инвестицияның әлемдік экономикаға қозғалысының қазіргі кездегі тенденциялары 29

Қорытынды 32

Қолданған әдебиеттер тізімі 33

 

 

 

 

Кіріспе

 

Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпорынның инвестициялық қарекетін, яғни шетелдік және отандық инвестицияларды біздің кәсіпорындарға тарту мәселесін ашу болып табылады.

Инвестициялық қарекетті нарықтық экономикалық жағдайда табыс алу мақсатында шаруашылық субъектілер жүргізеді. Ол екі өзара байланысты бөліктен тұрады:

- инвестиция қарекетінің объектілері;

- инвестиция қарекетінің субъектілері.

Инвестициялық қарекетінің объектілеріне жаңа ұйымдарды құру, істегі ұйымды кеңейту, қайта құру және қайта қаруландыру бағалы қағаздар мақсатты ақша салымдары және т.б. жатады.

Инвестициялық қарекетін субъектілеріне инвесторлар, инвестициялық объектіні пайдаланушылар, жұмысты орындаушылар, инвестицияның барлық түрін жеткізушілер.

Инвестициялық қарекет және оның сферасы сұраныспен, ұсыныспен және инвестициялық бағасымен анықталады. Инвестициялық нарықтың конъюктурасы инвесторлар үшін өте маңызды. Әсіресе, ол дамушы елдер үшін. Өйткені жаңа ғана тәуелсіз алған елдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары табыс көзін іздеп жүрген шетелдік инвесторларға жаңа тұтыну нарығы керек. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасы негізінен мұнай экспорттау және инвестицияның ағылуы арқасында жоғарғы қарқынды дамып келеді.

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты елдің экономикалық жағдайына және мемлекеттің қаржы саясатына да сонымен қатар, кәсіпорынның таңдап алған экономикалық және қаржылық стратегияның белсенділігіне де тәуелді болып келеді. Сондай-ақ, олар өзара байланысты болғандықтан кәсіпорын басшылары инвестициялық басқаруына көп көңіл бөлу керек. Ұйымдардың, компаниялардың, холдингтердің саланың және жалпы елдің тиімділік дәрежесі инвестицияның дұрыс жүргізілуіне тәуелді. Сондықтан тәжірибеде инвестицияны тиімді ұйымдастыру ең бірінші орында.

Курстық жұмысымның I тарауында кәсіпорынның инвестициялық саясатының принциптерін, көздерін және инвестициялаудың жоспарлау әдістерін қарастырдым.

II тарауда инвестициялық саясатқа талдау жүргізілді. Яғни, ҚР-ның экономикасына шетелдік және отандық тікелей инвестицияны тарту жолдары іздестірілді.

III тарауда кәсіпорынның инвестициялық саясатындағы мәселесі. Әрбір кәсіпорында бұл мәселелерді шешу амалдары қарастырылып қойғанымен, нақты ол жүзеге асырылмауда.