Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................................3-4

 

 

I Тарау. Репродуктивті ғадет әлеуметтану объектісі

1.1. Репродуктивті ғадеттің теориялық аспектілері.....................................5-15

1.2. Қазақстан қоғамындағы отбасының репродуктивті ғадетін

зерттеу мәселелері мен ерекшеліктері..................................................16-23

 

 

II Тарау. Репродуктивті ғадеттің өңірлік ерекшеліктері

2.1. Қазақстан әйелдерінің негізгі репродуктивті ерекшеліктері............ 24-37

2.2. Қазақстан әйелдерінің ұрпақты болу бағдары.................................... 38-46

2.3. Астана тұрғындарының репродуктивті ғадеті...................................... 47-51

 

Қорытынды.................................................................................................... 52-53

Сілтемелер ..................................................................................................... 54-55

Қосымша ....................................................................................................... 56-63

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырып өзектілігі.

Репродуктивті ғадет1 – некеде немесе некеден тыс баланың туылуы немесе бала туудан бас тарту, тұлғаның психикалық жағдайы, іс-әрекеттер жүйесі. Репродуктивті ғадет тұлғаның немесе шағын топтың ортақ ғадеттерінің бір бөлігі, өмірдің белгілі бір бөліктеріне қатысты нақтылап айтқанда бала туылуына тікелей әсер етеді. Бұл - әрбір адамнан көп ынта мен жігер талап ететін өмірдің ауқымды бір бөлігі. Репродуктивті ғадет тек сыртқы әрекеттерден ғана емес, сонымен қатар ішкі құрылымдардың өзгерісіне, ұстаным мен мотивтерге байланысты өзгереді.

Қазақстанда халықтың репродуктивті ғадетінде едәуір өзгерістер байқалуда. Соңғы 3-4 жылда туудың жалпы саны республика бойынша 1,6-дан 2,03-ке дейін өскен, қазір бұл көрсеткіш 2,47.[1,5] Бұл құбылыс уақытша болуы мүмкін, немесе Қазақстанның демографиялық траекториясында (бағдарында) өту кезеңінің күтілмеген ауытқуы. Соңғы жылдардағы туу көрсеткішінің жоғарылағаны, 30-40 жастағы әйелдердің репродуктивті ғадеттерінің белсенділігімен түсіндіріледі, олар 90-шы жылдары күрделі қайта құру кездерінде туу мәселесін «жақсы кезеңге» дейін ығыстырып, кейінге қалдырған. Бұл дерек тек қана демографиялық қана емес, әлеуметтік сараптаманы да талап етеді.

Халықтың қайта өндірісінде отбасы негізгі институт болғандықтан, отбасының репродуктивті ғадеті ғылыми қызығушылық тудырады. Еліміздегі туу көрсеткіші жоғарылағанымен, нарықтық жағдайда халықтың бірнеше балалы отбасы құндылығынан тыс басқа құндылықтарға бағдарлана бастағанын байқауымызға болады және біріншіден, жоғары әлеуметтік статусқа ие болу. Бұл өзгеріс отбасындағы репродуктивті және әлеуметтендіру қызметінің әлсіреуіне әкеліп соғады. Ғадеттерінің түрлері де әлеуметтік заңдылықтарға бағынышты және әлеуметтік–мәдени алғышарттарға тәуелді. Олар отбасымен бірге өзгеріп, ғаламдық отбасылық құлдырау процесін, отбасының әлеуметтік институт ретінде дағдарыс кезеңін көрсетеді. Отбасылық дағдарысқа әсер ету үшін, отбасы құндылықтарын нығайтатын арнайы отбасылық саясат жүргізу қажет.

Репродуктивті ғадетті жетік түсіну мен оны толығымен зерттеу жасау өзекті мәселе. Репродуктивті ғадет ұрпақты болу бағдарын анықтайтын факторлардың маңыздысы.

Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға бірнеше факторлар себеп болды. Біріншіден, еліміздегі демографиялық жағдай, туылу көрсеткіштерінің әртүрлі болуы.

Екіншіден, репродуктивті ғадеттің уақыт өте келе өзгерістерге ұшырап жатқаны.

Үшіншіден, еліміздің түрлі өңірлеріндегі репродуктивті ғадеттің өзгешелігі.

Жұмыстың мақсаты. Қазақстан әйелдерінің репродуктивті ғадетін талдау.

Жұмыстың мақсатына сәйкес мынадай міндеттер айқындалды:

  • Репродуктивті денсаулыққа деген көзқарастарын анықтау.

  • Астана тұрғындарының отбасын жоспарлауда қандай ұстанымды қолдайтынын анықтау.

Жұмыстың гипотезалары:

  • Репродуктивті денсаулыққа назар аудару және білім деңгейінің өсуі

өзара тығыз байланысты

  • Жастар өз репродуктивті ғадеттерін анықтауда әлеуметтік –

экономикалық жағдайды ескеруі мүмкін

  • Отбасын жоспарлау рационалдық бетбұрыс байқалады

  • Қала жастарының аз балалы отбасына бағытталуы

  • Репродуктивтілікке өңірлік ерекшеліктер тән оңтүстік, орталық т.б.

Әдістемелік және теориялық негіздер ретінде ресейлік және отандық ғалымдардың репродуктивті ғадет мәселесі төңірегінде көтерген еңбектері қолданылды. Олар: Елемесова А.М., Асылбеков М.Х., Козина В.В., Алексеенко Н.В.,Жаназарова З.Ж. және т.б.[2]

Одан басқа жұмыста репродуктивті ғадет мәселесін қарастырған баспасөз мәліметтері, әлеуметтік зерттеу мен диссертация жұмыстардын материалдарын қолдандым. Әлеуметтік зерттеу әдісі ретінде сандық әдіс – анкеталық сауалнама және бақылау әдісін пайдаландым.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Осы жұмыста ең алдымен репродуктивті ғадеттің өңірлік ерекшеліктерін ашып көрсетуге тырыстық.

Төменде көрсетілген жағдайлар қарастырылды:

- репродуктивті ғадетті талдау;

- репродуктивті ғадетке әсер ететін факторларын анықтау

- репродуктивті ғадеттің өңірлік ерекшеліктерін айқындау

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бес параграфтан, қорытынды, сілтемелер мен қосымшадан тұрады.

Бірінші тарауда репродуктивті ғадеттің теориялық аспектілері мен осы мәселені зерттеудегі ерекшеліктерді қарастырдық.

Екінші тарауда репродуктивті ғадеттің өңірлік ерекшеліктері мен әйелдердің негізгі репродуктивті ерекшеліктері сараланды.

 

1 Ғадет ұғымын автор 2003 жылы Қазақ университеті баспасынан жарық көрген Социологиялық сөздіктен алып отыр. Сөздік авторлары орыс тіліндегі “ социальное поведение” ұғымын қазақ тіліне «әлеуметтік ғадет» деп аударған. Сондай-ақ бұл ұғым қазақ тілінде “іс-әрекет” ,“ мінез-құлық” деп те жиі айтылады.